Өскеменде "Есірткіге жол жоқ" атты іс-шара өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскеменде "Есірткіге жол жоқ" атты іс-шара өтеді

Өскеменде "Есірткіге жол жоқ" атты іс-шара өтеді

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 27 - тамыз. ӨСКЕМЕН. Өскеменде 31-тамыз күні 17 сағатта "Есірткіге жол жоқ" атты іс-шара басталады. Бұл туралы "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісіне Шығыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаментінің есірткі бизнесімен күрес басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 28 Тамыз 2007
  • 964
Фото - Caravan.kz

«Іс-шара аясында мерекелік концерт, театрлық шоулар, байқаулар, спорт шаралары жоспарланған, белсенді қатысушылар бағалы сыйлықтармен марапатталады»,- делінген баспасөз қызметінің дүйсенбіде таратқан хабарламасында.

Баспасөз қызметінің түсіндіруінше, бүгінде Шығыс Қазақстанда есірткі диспансерінде «нашақор» диагнозымен есепте 4631 адам тұр. Сонымен қатар, жыл басынан бері есірткіні асыра пайдаланудан 18 және 30 жас аралығында 30 адам қайтыс болған.

Сондай-ақ, баспасөз қызметінің хабарлауынша, «осы жылдың басынан бері ішкі істер органдарының қызметкерлері 576 есірткі қылмысын анықтаған, оның ішінде есірткі сатуға қатысты 298 дерек, жынойнақ ұстауға қатысты 3 дерек, Ресей Федерациясының шекарасы арқылы есірткі контарабандасына қатысты 3 дерек бар. Заңсыз айналымнан 72,5 кг астам есірткі заттары, оның ішінде 2 кг астам героин тәркіленген».