Қазақстандық шекарашылар Қырғызстанға 13 тонна жанармай шығаруға жасалған контрабандалық әрекеттің жолын кесті - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық шекарашылар Қырғызстанға  13 тонна жанармай шығаруға жасалған контрабандалық әрекеттің жолын кесті

Қазақстандық шекарашылар Қырғызстанға 13 тонна жанармай шығаруға жасалған контрабандалық әрекеттің жолын кесті

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 28 тамыз. АСТАНА. Қазақстандық шекарашылар Қырғызстанға 13 тонна жанармай шығаруға жасалған контрабандалық әрекеттің жолын кесті. Бұл туралы ҚР ҰҚК Шекара қызметінің ақпарат бөлімінен хабарлады.

  • 28 Тамыз 2007
  • 389
Фото - Caravan.kz



Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Тараздағы «Жасыл-төбе» заставасының шекарашылары шекара сызығынан 100 метр жерде Қазақстан және Қырғызстан азаматтарын ұстады. «Ұсталғандар 13 тонна АИ-80 маркалы жанармай тиелген екі «ЗИЛ-131″ көлігімен Қазақстаннан Қырғызстанға бет алған», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Шекарашылардың мәліметінше, іс пен жүк «Қордай» кеден бекетінің қызметкерлеріне өткерілді.