Қырғызстанда жылдың аяғына дейін инфляция 9% дейін өседі деп болжануда - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанда жылдың аяғына дейін  инфляция 9% дейін өседі деп болжануда

Қырғызстанда жылдың аяғына дейін инфляция 9% дейін өседі деп болжануда

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 28 тамыз. БІШКЕК. Қырғызстан Республикасының Ұлттық банкі инфляция бойынша 2007-жылға арналған мақсаттық бағдарды 9% деңгейінде белгіледі, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қырғызстан Республикасының Ұлттық банкінің мәлімдемесіне сілтеме жасап.

  • 28 Тамыз 2007
  • 454
Фото - Caravan.kz



Мәлімдемеде атап көрсетілгеніндей, 2006 жылдың желтоқсан айында Қырғвзстан Ұлттық банкінің абсқармалары ағымдағы жылғы инфляцияны 5 — 6% деңгейінде болады деп болжаған.

Алайда, Қырғызстан Республикасының Ұлттық статистикалық комитетінің алдын-ала ақпаратына сәйкес, ағымдағы жылдың басынан бастап 22-тамыздағы жағдаймен инфляция 6,4% құрады. Қазіргі қалыптасқан баға деңгейіне негізінен сыртқы монетарлық емес факторлар, атап айтсақ, Қазақстан мен Ресейде астық құнының біршама қымбаттауы, көршілес елдер тарапынан осы елдің ауылшаруашылығы өнімдері мен құрылыс материалдарына деген экспорттық сұраныстың өсуі, импортталатын табиғи газ бағасының өсуі әсер етті.