«9-қазаннан бастап біз ең төменгі резервтік талаптар бойынша өзгертілген ставканы енгізбекшіміз», -деді Ә.Сәйденов. «Нәтижесінде, біздің бағалауымызша, екінші деңгейлі банктерде қосымша 120 млрд теңгеге жуық қаржы пайда болмақ, оны банктер Ұлттық банкте ұстауға тиіс», — деді ол.
Ұлттық банк басшысының айтуынша, «қазір қолданылып жүрген механизм мен қазіргі ставкалар сыртқы ортамен қарама-қайшылыққа түсті». «Сол себепті біз банктер тарапынан біздің талаптарымызды орындауды жеңілдету үшін есептеу базасын түзету және ставканы түзету жөнінде шешім қабылдадық», — деп түсіндірді ол.
«Банктердің өздерінің пайымдауынша, ең төменгі резервтік талаптарды жеңілдету оларға қосымша ресурстар беріп, сыртқы борыш-қарыздары бойынша есеп айырысуға мүмкіндік туғызады», — деді А. Сәйденов.