Шығыс Қазақстан облысында екі вагон шойын жолдан шығып кетуге байланысты темір жол қозғалысы жеті сағатқа тоқтатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан облысында екі вагон шойын жолдан шығып кетуге байланысты темір жол қозғалысы жеті сағатқа тоқтатылды

Шығыс Қазақстан облысында екі вагон шойын жолдан шығып кетуге байланысты темір жол қозғалысы жеті сағатқа тоқтатылды

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 29 тамыз. АСТАНА. Шығыс Қазақстан облысында цемент тиелген екі вагон шойын жолдан шығып кетуге байланысты темір жол қозғалысы жеті сағатқа тоқтатылды. Бұл туралы "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 29 Тамыз 2007
  • 426
Фото - Caravan.kz



Мекеме ақпаратына сәйкес, №3132 жүк поезының вагондары құрам Өскемендегі темір жол өткелі арқылы өтіп бара жатқан кезде шойын жолдан шығып кеткен. Поездың цемент тиелген 55 вагонының екеуі шойын жолдан шығып кетті. Соның салдарынан сейсенбі күнгі 15 сағат 30 минуттан бастап жолдың бұл бөлігінде отарбалардың қозғалысы тоқтатылды. Апаттың зардаптарын жоюға 50 адам атсалысты. Сол күнгі 23 сағатта вагондар шойын жолға қайта шығарылып, қозғалыс қалпына келтірілді.

Мекеменің баспасөз қызметінің хабарлауынша, апат кезінде адамдардан ешкім зардап шеккен жоқ.