Премьер-министр инвестициялық жобаларды іріктеу әдістемесін жасауды тапсырды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Премьер-министр  инвестициялық жобаларды іріктеу әдістемесін жасауды тапсырды

Премьер-министр инвестициялық жобаларды іріктеу әдістемесін жасауды тапсырды

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 29 тамыз. АСТАНА. Премьер-министр Кәрім Мәсімов инвестициялық жобаларды іріктеу әдістемесін жасауды тапсырды.

  • 29 Тамыз 2007
  • 377
Фото - Caravan.kz



«Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігіне бюджеттік бағдарламалардың есебінен қаржыландыруға ұсынылған инвестициялық жобаларды іріктеу әдістемесін жасауды тапсырамын», — деп мәлімдеді К. Мәсімов бүгін өткен үкіметтің отырысында. «Қазіргі жағдаймен бұл мәселе айқындалмай отыр», — деп қосты ол.

К.Мәсімовтың айтуынша, «бұл жұмыстарды 2009-2011-жылдарға арналған бюджет жобасын қалыптастыруға қатысты бюджеттік процесс басталмай тұрып аяқтау қажет».

Сонымен бірге үкімет басшысы бюджеттік бағдарламаларды түзетуге қатысты өзгерістерді «тез арада» Бюджеттік кодекске енгізуді тапсырды. » Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігіне Бюджеттік кодекске осындай жұмыспен үкіметке дербес айналысуға мүмкіндік беретін өзгертулер мен толықтыруларды тез арада енгізуді тапсырамын», — деді К. Мәсімов.

Ол сонымен қатар вице-премьер Өмірзақ Шүкеевке «ағымдағы жылдың аяғына дейін пилотты мемлекеттік мекемелердің бюджеттік бағдарламаларын олар көрсететін қызметтермен және мақсаттық индикаторларымен байланыстыра түзетуді өз бақылауына алуды тапсырды».