Қазақстандық шекарашылар аса ірі көлемде валюта мен қару-жарақ шығаруға бағытталған контрабандалық әрекеттің жолын кесті - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық шекарашылар аса ірі көлемде валюта мен қару-жарақ шығаруға бағытталған контрабандалық әрекеттің жолын кесті

Қазақстандық шекарашылар аса ірі көлемде валюта мен қару-жарақ шығаруға бағытталған контрабандалық әрекеттің жолын кесті

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 29 тамыз. АСТАНА. Қазақстандық шекарашылар аса ірі көлемде валюта мен қару-жарақ шығаруға бағытталған контрабандалық әрекеттің жолын кесті. Бұл туралы агенттік тілшісіне ҚР ҰҚК Шекара қызметінің ақпарат бөлімінен хабарлады.

  • 29 Тамыз 2007
  • 383
Фото - Caravan.kz



Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, «Қордай» өткізу бекетінде шекарашылар көлік құралдарын тексеру барысында Қазақстаннан Қырғызстанға «Кадиллак Эскалада» автокөлігімен бет алған екі Қазақстан азаматын ұстады.

«Тексеру барысында автокөліктің орындықтары мен жүк салатын бөлімінен екі оқшантайы мен 4 оғы бар ТТ маркалы тапанша мен 4 оғы бар ОСА тапаншасы, сондай-ақ, декларацияда көрсетілмеген 18 500 АҚШ доллары мен 41 мың теңге табылды», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Бұл дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.