Әкімшіліктен хабарлағанындай, қала әкімі Асқар Маминнің бұйрығымен бұған дейін Астана қаласы әкімінің орынбасары орынтағында отырған Ерік Сұлтанов әкімнің бірінші орынбасары болып тағайындалды. «Алматы» ауданының әкімі болған Ерлан Қожағапанов қала әкімінің орынбасары болып бекітілді.
Бұған қоса «Алматы» ауданының әкімі болып Гайдар Қасенов тағайындалды, ол бұған дейін осы аудан әкімінің орынбасары болған.