«Кеше «Нұр Отан» партиясы фракциясының отырысы өтті, оған президент Нұрсұлтан Назарбаев төрағалық жасады. Біздің фракция мәжіліс төрағасы қызметіне Аслан Мусиннің кандидатурасын ұсынып отыр», — деді Б. Жұмағұлов. «Ол мемлекеттік қызметтің барлық сатыларынан өтті, премьер-министрдің орынбасары болды», — деді Б.Жұмағұлов.
Мәжілістің төрағасы қызметіне басқа қандайбір кандидатура ұсынылған жоқ. Конституцияға сәйкес депутаттар мәжіліс спикерінің кандидатурасы бойынша құпия дауыс беруге көшті.