Талдықорғанда ақша айырбастау бөлімшесіне қарақшылық шабуыл жасалды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Талдықорғанда ақша айырбастау бөлімшесіне қарақшылық шабуыл жасалды

Талдықорғанда ақша айырбастау бөлімшесіне қарақшылық шабуыл жасалды

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 2 қыркүйек. ТАЛДЫҚОРҒАН. Талдықорғанда ақша айырбастау бөлімшесі тоналып, кассир қыз өлтірілген. Бұл туралы "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісіне Алматы облысының Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 2 Қыркүйек 2007
  • 349
Фото - Caravan.kz

Полицейлердің ақпараттарына сүйенсек, Талдырқорғанның ішкі істер басқармасының кезекші бөліміне 25-жастағы қыздың — ақша айырбастау бөлімшесі кассирінің көптеген пышақ жарақатын алған өлі денесі табылды деген хабар келіп түскен.

«Қылмыс болған жерде қалалық ІІБ жедел-тергеу тобы облыстық ІІБ криминалдық полиция қызметкерлерімен бірлесіп іздестіру жұмыстарын жалғастыруда»,- деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер. Полицейлер айырбастау бөлңмшесінің кіретін есігі бүлінбегендігін нақтылап өтті, «жәбірленуші қарақшылардың қорқытуынан оларға есікті өзі ашқан деген болжам жасауға болады».

«Қазіргі уақытта ұрланған ақша көлемі анықталып жатыр»,- деп қосты баспасөз қызметіндегілер.