«ҚР Білім және ғылым министрлігі Сейсмология институтының мәліметінше, 2 қыркүйекте 21.30-да (Астана уақытымен) Қазақстан Республикасының аумағында энергетикалық классы 11,1 болатын жер сілкінісі болды», — деп хабарлайды баспасөз қызметі. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 196 шақырымда болды, деп нақтылайды мекеме.
Министрлік ақпаратына сәйкес, Алматыда қуаты 3 балл жер асты дүмпулері сезілсе, Талдықорғанда — 3 — 4 балл дүмпу сезілді.
«Құрбан болғандар мен зардап шеккендер, қираулар жөнінде мәлімет жоқ», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.