Қазақстандық шекарашылар жарты миллион долларға жуық ақшаны контрабандалық жолмен алып шығуға әрекет жасаған Ресей азаматын қолға түсірді - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық шекарашылар жарты миллион долларға жуық ақшаны контрабандалық жолмен алып шығуға әрекет жасаған Ресей азаматын қолға түсірді

Қазақстандық шекарашылар жарты миллион долларға жуық ақшаны контрабандалық жолмен алып шығуға әрекет жасаған Ресей азаматын қолға түсірді

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 3 қыркүйек. АСТАНА. Қазақстандық шекарашылар жарты миллион долларға жуық ақшаны контрабандалық жолмен алып шығуға әрекет жасаған Ресей азаматын қолға түсірді. Бұл туралы "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" тілшісіне ҚР ҰҚК Шекара қызметінің ақпарат бөлімінен хабарлады.

  • 3 Қыркүйек 2007
  • 351
Фото - Caravan.kz

«»Қайрақ-авто» шекаралық өткізу бекетінің шекарашылары Қазақстаннан Ресейге «Тойота» автокөлігімен өтпек болған Ресей азаматын ұстады», -деп хабарлаған баспасөз қызметінің нақтылауынша, азаматты ұстауға оның декларацияда көрсетілмеген 490 700 АҚШ доллларын алып өтуге жасаған әрекеті себеп болған.

Сонымен бірге, шекарашылардың ақпаратына сәйкес, «Қордай» өткізу бекетінде «Ауди-100» автокөлігімен Қырғызстанға бет алған Қазақстанның екі азаматы ұсталды. «Көлікті тексеру барысында шекарашылар декларацияда көрсетілмеген 4 млн 650 мың теңгені тапты», -деп хабарлайды баспасөз қызметі.

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің мәліметінше, жалпы өткен аптада шекарашылар мемлекеттік шекараны бұзған 216 адамды ұстап, контрабандалық жүк алып өтуге жасалған 37 деректің жолын кесті.