«Тек соңғы бес жылда еліміздің экономикасы 80%-ке өсті», — деді Н. Назарбаев. «Біз Қазақстанға 60 млрд доллар көлемінде инвестиция тарттық, ал ішкі инвестициялар 80 млрд долларды құрады», — деді президент.
Елбасының айтуынша, соның арқасында «қазір Қазақстанда ең жоғары жалақы мен зейнетақы белгіленген». «Біз көп балалы аналарды әлеуметтік жәрдемақылармен қамтамасыз етіп, мектептер, аураханалар мен қол жетімді үйлер салып жатырмыз, мүгедектерге жәрдемдесіп отырмыз», — деді мемлекет басшысы.
«Осындай нәтижеге жеткеннен кейін біз бұдан да асқаралы мақсатты алға қойып, әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің санатына қосылуды діттедік. Біз елуліктің, артынан отыздықтың, келе-келі тіпті әлемдегі ең озық 20 елдің қатарына қосылғымыз келеді», — деді президент.
«Қазақстанда өнеркәсіп орындарын дамыту үшін біз баламалы өнеркәсіп құруымыз қажет. Әзірге қолымызда байлығымыз, мұнайымыз бар кезде біз индустриялық экономиканы құрып үлгеруге тиіспіз», — деді мемлекет басшысы.