Ішкі істер министрлігі бұрын заңсыз есірткі айналымынан тәркіленген есірткіні екінші айналымға түсіруге бағытталған қылмыстардың жолын кеспекші - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ішкі істер министрлігі бұрын заңсыз есірткі айналымынан тәркіленген есірткіні екінші айналымға түсіруге бағытталған қылмыстардың жолын кеспекші

Ішкі істер министрлігі бұрын заңсыз есірткі айналымынан тәркіленген есірткіні екінші айналымға түсіруге бағытталған қылмыстардың жолын кеспекші

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 3 қыркүйек. АСТАНА. Ішкі істер министрлігі бұрын заңсыз есірткі айналымынан тәркіленген есірткіні екінші айналымға түсіруге бағытталған қылмыстардың жолын кеспекші. Бұл туралы Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР ІІМ есірткі саудасымен күрес және есірткі айналымын қадағалау комитетінің төрағасы Маратқали Нүкенов хабарлады.

  • 3 Қыркүйек 2007
  • 455
Фото - Caravan.kz



«Біз бұрын тәркіленген есірткінің екінші айналымға түсуіне тосқауыл қоймақ ниеттеміз», — деді ол. М. Нүкеновтың айтуынша, «осыған байланысты заң жобасы жасалып, бүгін үкіметтің қарауына ұсынылды». «Біз айғақзаттарды тергеу сатысында, сот шешімі шықпай тұрып жоюды ұсынып отырмыз», — деп түсіндірді ол.

Бұған дейін Бас прокуратура осы жылы ішкі істер органдарында сақталған жалпы 48 килограмнан астам есірткі ұрланып, жоғалғаны, олардың 29 килограмнан астамы героин және 3 килограмға жуығы апиын екенін хабарлаған. Бас прокуратура бұған есірткі заттардың екінші рет айналымға түсірудің алғышарты ретінде қараған жөн дееп санайды. Егер 2005 жылы прокурорлар алынған есірткіні алмастырып қоюдың 2 оқиғасын анықтаса, 2006 жылы — мұндай 4, ал соңғы тексеру барысында 21 факті анықталды.