Қазақстандық шекарашылар Өзбекстаннан келе жатқан 8 тонна жеміс-жидек контрабандасының жолын кесті - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық шекарашылар Өзбекстаннан келе жатқан 8 тонна жеміс-жидек контрабандасының жолын кесті

Қазақстандық шекарашылар Өзбекстаннан келе жатқан 8 тонна жеміс-жидек контрабандасының жолын кесті

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 3 қыркүйек. АСТАНА. Қазақстандық шекарашылар Өзбекстаннан келе жатқан 8 тонна жеміс-жидек контрабандасының жолын кесті. Бұл туралы "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің баспасөз қызметінің хабарлады.

  • 3 Қыркүйек 2007
  • 410
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, 2-қыркүйекте «Атакент» күзет аумағында контрабандалық жүк өткізбек болған үш деректің жолы кесілген. Атап айтқанда, «шекара сызығынан он метр жерде 4 тонна картоп тиелген екі «ГАЗель» көлігімен Өзбекстаннан Қазақстанға бет алған екі елдің азаматтары ұсталды»,- деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Сонымен қатар, шекарашылар бір тоннадан астам жеміс-жидек пен көкөніс артқан «МАН» көлігін ұстаған. «Осы күні сондай-ақ Өзбекстаннан біздің елімізге 3 тоннадан астам жеміс-жидек пен көкөністер алып өтпек болған Қазақстан азаматы ұсталды»,- деп қосты баспасөз қызметіндегілер.