Оның айтуынша, министрлік бірқатар заңнамалық актілерге түзетулер енгізетін заң жобасын жасады. Атап айтсақ, «алкогольді өнімдерді, соның ішінде сыраны 21 жасқа жетпеген тұлғаларға сатуға тыйым салу жоспарланған».
Сонымен бірге, оның хабарлауынша, «кәмелеттік жасқа жетпегендердің түнгі клубтарға, ойынханалар мен ойын автоматтары салондарына баруына тыйым салуды енгізу ұсынылып отыр».
«Бұл заң жобасын біз келесі жылдың басында парламентке енгіземіз», — деді Б. Қожахметов.