Мәжілістің экс-депутаты Жалыбин Қостанай облысының әділет департаментін басқаратын болды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжілістің экс-депутаты Жалыбин Қостанай облысының әділет департаментін басқаратын болды

Мәжілістің экс-депутаты Жалыбин Қостанай облысының әділет департаментін басқаратын болды

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 3 қыркүйек. ҚОСТАНАЙ. Парламент мәжілісінің екінші және үшінші шақырылым депутаты Сергей Жалыбин Қостанай облысының әділет департаментін бастығы болып тағайындалды, деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісі.

  • 3 Қыркүйек 2007
  • 481
Фото - Caravan.kz

Сергей Жалыбиннің заңтану саласындағы жұмыс өтілі 34 жыл. Мәжіліс депутаты болардың алдында ол Заңнама және сот-құқықтық реформа жөніндегі комитетті басқарған. Оның төрағалығымен жүзге жуық заң актілері мен түзетулер әзірленіп, мақұлданған.

Әділет департаментінің басшысы лауазымына тағайындалған Сергей Жалыбин өз алдына жаңа міндеттер қойды: «ұлттық реестрлер енгізу жөніндегі жұмыстар жүріп жатыр. Халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы жұмысты реттеу керек».

Сергей Жалыбин мамандарды өзгертуге уәде берген жоқ. Ең бастысы, оның айтуынша, әділет департаментінің оған жүктелген міндеттердің барлығын орындап шығуы.