Александр Судьин сенаттың вице-спикері болып сайланды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Александр Судьин сенаттың вице-спикері болып сайланды

Александр Судьин сенаттың вице-спикері болып сайланды

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 3 қыркүйек. АСТАНА. Бүгін өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар палата төрағасының орынбасарын тағайындады. Оған Александр Судьин сайланды, деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісі.

  • 3 Қыркүйек 2007
  • 430
Фото - Caravan.kz

«Парламент және оның депутаттарының мәртебесі туралы» конституциялық заңға енгізілген өзгертулерге сәйкес сенат төрағасының екі орынбасары болады… Мен депутат Александр Сергеевич Судьиннің кандидатурасын ұсынамын»,- деп мәлім етті жалпы отырыста сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұл шешімге отырысқа қатысып отырған 42 депутаттың 42-сі дауыс берді.

Естеріңізге сала кетейік, Конституцияға енгізілген түзетулерге сәйкес сенат құрамы 39-дан 47 мүшеге дейін өскен болатын. Ол тағайындалатын сенаторлардың президенттік квотасының 7-ден 15-ке дейін өсуі есебінен болып отыр. Жуырда елбасы сенаттың сегіз депутатын, соның ішінде бұрын президент әкімшілігінің мамандармен жұмыс бөлімін басқарған Александр Судьинді тағайындау туралы жарлыққа қол қойды.