Түркістанда жол полициясының бөлім бастығы пара алғандығы үшін ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркістанда жол полициясының бөлім бастығы пара алғандығы үшін ұсталды

Түркістанда жол полициясының бөлім бастығы пара алғандығы үшін ұсталды

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 3 қыркүйек. ШЫМКЕНТ. Оңтүстік Қазақстан облысында, Түркістанда жол полициясының бөлім бастығы пара алғандығы үшін ұсталды. Бұл туралы "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облысының Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 3 Қыркүйек 2007
  • 567
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, Оңтүстік Қазақстан облысының Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері Оңтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаментінің Түркістан жол полиция басқармасының ауданаралық тіркеу-емтихандық бөлімінің бастығын, полиция капитанын өзінің бөлмесінде пара алғаннан кейін ұстаған. «Полиция офицері жергілікті тұрғыннан көлігінің техникалық құжатын рәсімдеп беруді жеделдету үшін 20 мың теңге бопсалаған»,- деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментіндегілердің түсіндіруінше, аталмыш дерек бойынша тергеу басқармасы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 311-бабының 2-тармағы бойынша (лауазымды тұлғаның пара алуы) қылмыстық іс қозғады.