Республика үкімет басшысы 2008 жылдың аяғына дейін еліміздегі барлық ескерткіш қорған кешендеріне ревизия жүргізуді тапсырды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Республика үкімет басшысы  2008 жылдың аяғына дейін еліміздегі барлық ескерткіш қорған кешендеріне ревизия жүргізуді тапсырды

Республика үкімет басшысы 2008 жылдың аяғына дейін еліміздегі барлық ескерткіш қорған кешендеріне ревизия жүргізуді тапсырды

Астана. 23 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов 2008 жылдың аяғына дейін еліміздегі барлық ескерткіш қорған кешендеріне ревизия жүргізуді тапсырды. Ол мұндай тапсырманы бүгін үкіметте мәдени-тарихи мұраны сақтау мәселелері бойынша өткен селекторлық жиында жүктеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 23 Қазан 2007
  • 431
Фото - Caravan.kz

«Облыстар, Астана мен Алматы қалаларының әкімдері ескерткіш қорған кешендерін сақтап қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тиіс» — деді Кәрім Мәсімов. «Ол үшін Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Білім және ғылым министрлігіне әкімшіліктердің белсенді қатысуымен 2008 жылы еліміздегі барлық ескерткіш қорған кешендеріне ревизия жүргізуді тапсырамын», — деді премьер-министр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті