Атырау облысында ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырау облысында ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі ұсталды

Атырау облысында ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі ұсталды

Атырау. 22-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Атырау облысында ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деген күдікпен Жылыой ауданының Құлсары қаласының тұрғыны қамауға алынды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Атырау облысының Ішкі істер департаментінің криминалдық полиция басқармасының бастығы Амандық Мұқашевке сілтеме жасай отырып.

  • 23 Қараша 2007
  • 479
Фото - Caravan.kz

А. Мұқашевтің айтуынша, «осы адам және ол құрған бұзақылар тобының тағы жеті мүшесі ауыр есірткі тасымалдаумен айналысқан, бірақ криминалдық полиция көптен бері топ жетекшісі мен оның сыбайластарын қылмыс үстінде ұстай алмай жүрген».

Ұйымдасқан қылмыстық топтың ұйымдастырушысын Атырау облысының Ішкі істер департаментінің криминалдық полициясының, ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы және есірткі бизнесімен күрес бөлімінің қызметкерлері қолға түсірген. Тінту кезінде одан 1,7 грамм героин, ал үйінен тағы 3 грамм «ақ ұнтақ» табылды, деп хабарлады облыстың криминалдық полициясының бастығы.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті