Қырғызстанда магистральды газ құбыры өртенуде - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанда магистральды газ құбыры өртенуде

Қырғызстанда магистральды газ құбыры өртенуде

Бішкек. 23-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанның Чуй облысында да магистральды газ құбыры өртенуде, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қырғызстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 23 Қараша 2007
  • 449
Фото - Caravan.kz

«Апат Чуй облысының Ысык-Атинск ауданының Қант қаласының жанында сүт-тауар фермасы мен тазарту қондырғысының арасындағы құбыр бөлігінде болған, өрт кеше, 22-қарашада, 15.30 шамасында, құбырлардың жарылуынан кейін диаметрі үш миллиметр сызат пайда болғандықтан шыққан»,- деп хабарлады Қырғызстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.

Министрліктің ақпараттарына сүйенсек, мамандар апат зардаптарын жою жұмыстарын бүгін түстен кейін аяқтауды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта оқиға болған жерде Қырғызстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің мамандары мен «ҚырғызГаздың» мамандары жұмыс істеуде. Олар өртті сөндіру үшін арнайы техникалар жеткізген.

Министрлік сарапшыларының пайымдауынша, тұрғын үйлерге төнген қауіп-қатер жоқ.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті