ҚР Білім және ғылым министрлігі гранттар мен несиеге үміткер талапкерлердің ҰБТ екінші кезеңін енгізуді жоспарлауда - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Білім және ғылым министрлігі   гранттар  мен несиеге үміткер  талапкерлердің ҰБТ екінші кезеңін енгізуді жоспарлауда

ҚР Білім және ғылым министрлігі гранттар мен несиеге үміткер талапкерлердің ҰБТ екінші кезеңін енгізуді жоспарлауда

Астана. 23 қараша. "Қазақстан Бүгін" -ҚР Білім және ғылым министрлігі (БҒМ) грант және несиеге үміті бар талапкерлерге ҰБТ екінші кезеңін енгізуді жоспарлауда . Бұл туралы бүгін ҚР БҒМ мемлекеттік білім стандарттары мен ұлттық тестілеу орталығының директоры Исатай Сағындықов журналистерге берген сұхбатында хабарлады.

  • 23 Қараша 2007
  • 1050
Фото - Caravan.kz

«Қазір жоғары оқу орындарында оқу үшін, грант және несиеге қол жеткізем деген мектеп түлектеріне, ҰБТ конкурстық тестілеудің екінші кезеңін енгізу туралы мәселе қарастырылуда «, — деді И. Сағындықов.

Ол атап өткеніндей, ҰБТ екінші кезеңі » грант немесе несиеге қол жеткізем» деген талапкерлерге ғана арналады, ал ақылы оқу орындарына түсетін немесе одан әрі оқуды жалғастырмайтындар ҰБТ бірінші кезеңі бойынша тесттен өтеді.

Оның айтуынша, «мұндай шара жоғары оқу орындары мамандарының дайындық сапасын көтеру мақсатында енгізіліп отыр». Ол еске салғанындай, «бұл бағытта министрлік тарапынан сапасыз дәріс беретін бірсыпыра жоғарғы оқу орындары жабылды «.

«Енді біз талапкерлер арасында іріктеу жүргізіп, жақсыларын таңдайтын боламыз», — деп түсіндірді И. Сағындықов.

Бұдан бұрын гранттар мен несиеге үміткерлер арасында ҰБТ қорытындысы және жоғарғы оқу орындарының бір пәнге қатысты білімі тексеріліп іріктеліп отырса, енді ондай талапкерлерден 3 пәннен алған білімдері тексерілетін болады.

«Мәселен, техникалық мамандық бойынша, бұрын физика пәні ғана тапсырылған болса, екінші деңгейдегі тест бойынша, математика, химия, физикадан алған білімдері тексеріледі «, — деді ол.

«Жоспар бойынша, барлық жоғары оқу орындарынның бағыттары 4-5 блокқа бөлініп, әрбіреуіне 3 пән кіргізіледі. Олардың әрқайсысы бойынша, 30 сауал қойылып, жалпы 90 сұрақтан тұрады «, — деді өз сөзінде И. Сағындықов.

Оның пікірі бойынша «Қазір әр блокқа кіретін пәндер және блокқа кіретін мамандықтар тізімі талқылануда. Жақын уақытта бұл мәселе шешіліп, жаңа жүйе енгізілетін болады».

Ұлттық тестілеу орталығының директоры атап өткеніндей, 2008 жылдан бастап ҰБТ қазақстан мектептерінің түлектері 4 пәннің орнына 5 пән бойынша тест тапсыратын болды. «Мұндай өзгеріс ҚР «Тілдер туралы» заң нормалары және биыл қабылданған ҚР » Білім туралы» заңын іс жүзінде орындау үшін енгізілді. Заң бойынша, әрбір азамат мемлекеттік-қазақ тілін және ұлтаралық қатынас тіліне жататын орыс тілін білуі керек».

«Орыс мектебін бітірген оқушылар, 2008 жылы орыс тілін, Қазақстан тарихын, математика және орыс мектептеріне арналған бағдарлама бойынша қазақ тілін тапсырады. Ал бесінші пән таңдаған мамандықпен байланысты болады «, — деді И. Сағындықов.

Директордың сөздері бойынша,» қазақ мектептерінің түлектері қазақ тілін, Қазақстан тарихын, математика және ұлттық мектептерге арналған орыс тілін тапсырады. Бесінші пән болашақ мамандыққа қатысты болады».

«ҰБТ тапсырмалары сол мектептерге арналған бағдарламалар аясында ғана болады», — деп ойын қорытындылады И. Сағындықов.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті