Германия кәсіпкерлерінің үлкен делегациясы Қостанай облысының басшылары және кәсіпкерлерімен кездесіп, қарым-қатынас орнату үшін келді. «Қазақстан Германия үшін стратегиялық маңызы бар мемлекет. Қазақстан Германияға экспорттайтын мұнай көлемі жағынан 5 орында», — деді Германияның экономика және технология министрлігінің өкілі Франк Файзиг Қостанай кәсіпкерлерімен өткен кездесуде».
Неміс кәсіпкерлеріне ЖЭО құрылысы мен ауылшаруашылық машина жинау жөнінде, сондай-ақ, іске қосылған және дайындалып жатқан инвестициялық жобалар жайында ақпарат айтылды.
Кездесуге металлургия, тау-кен өндірісі, көлік, авиация, білім беру, ауыл шаруашылық, энергетика және құрылыс салаларының өкілдері қатысты.
«Кәсіпкерлер арасында нақты қолға алынатын жобалар жөніндегі мәселе түстен кейін, жабық есік артында талқыланады», — деп хабарлайды облыстық департаменттің баспасөз қызметі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті