Әкімшіліктің хабарлауынша, «көрмеге қатысу үшін Иран Ислам Республикасының энергетика министрі Парвиз Фаттох Қазақстанға келмекші. Ол Қазақстан президентімен, үкімет басшысымен, ҚР энергетика және минералды ресурстар министрімен және көлік және коммуникациялар министрімен, Астана және Алматы қаласының әкімдерімен кездеседі деп күтілуде.
Ирандық министрдің сапары таныстық сипатында және ол энергетика саласындағы ынтымақтастықты дамыту мен нығайтуды көздейді, деп хабарлайды әкімшіліктегілер.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті