«Семей тұрғындарының барлығы бірдей бюджеттен экологиялық үстемақы алуы қажет деу маған талас тудыратын мәселедей көрініп тұр. Менің ойымша, мәселе тек полигонға жақын аумақта өмір сүріп, осы полигонның әсерін сезінген адамдарға ғана қатысты болуы керек», — деп хабарлады ол. «Ал жалпы алғанда бұл мәселені тек үкімет пен депутаттар ғана шеше алады. Себебі олар ғана заңнамалық ұсыныстар енгізе алады», -деді ол.
«Әрине, мемлекет төлеуі тиіс. Бірақ сонда да, экологиялық салдар еліміздің көптеген аймағы үшін өзекті тақырып екенін түсіну маңызды. Еліміздің экологиялық проблемалары туралы айтар болсақ, Семейден басқа экологиялық ыңғайсыз ауданға жататын Арал бар, ауаның ластануына байланысты экологиялық ауыртпалықты сезініп отырған ірі қалалардың тұрғындары бар. Сондықтан экология мәселесі аса күрделі және бір жақты емес тақырып», — деп сөзін сабақтады Б. Жәмішев.