«Бізде жыл сайын инфляция индексіне байланысты зейнетақы және басқа да әлеуметтік төлемдер көтерілуде. Бюджеттегі осы төлемдер сомасы келер жылы да өседі. Сонымен қатар, №2 тізімге үміткер болып отырғандар, яғни, зиянды жағдайдағы кәсіпорындарда жұмыс істейтіндер арнайы жәрдемақыға ие болады», — деп хабарлады министр.
«Келер жылдың бюджетін парламент қабылдап қойды. Қазір жергілікті бюджет пен жалақыны қабылдау процессі жүріп жатыр. Ол жыл санап артуда… әлдекімдер бұл аз деп айтатын шығар, алайда, жалақы осы жылдары өспеді деп ешкім айта алмайды», — деп атап көрсетті Б. Жәмішев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті