Новосибирскіде қазақстан-ресей шекарасынан заңсыз тауар тасымалдаған контрабандашыларға қатысты қылмыстық іс қозғалды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Новосибирскіде қазақстан-ресей шекарасынан заңсыз тауар тасымалдаған контрабандашыларға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Новосибирскіде қазақстан-ресей шекарасынан заңсыз тауар тасымалдаған контрабандашыларға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Павлодар. 26-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Новосибирск қаласында қазақ-ресей шекарасы арқылы тауар контрабандасымен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Ресей Федерациясының Сібір шұғыл кеденінің баспасөз қызметінде хабарлады.

  • 26 Қараша 2007
  • 459
Фото - Caravan.kz

Баспасөз хатшысы Екатерина Бондаренконың ақпаратына сүйенсек, Новосирскіге халықтық тұтыну тауарларын заңсыз әкеліп тұрған ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі Сібір шұғыл кеденінің және Кемерово кеденінің қызметкерлерінің бірлескен іс-әрекеттері барысында тыйылды. Новокузнецк қаласындағы қоймалардың бірінде шұғыл-іздестіру шаралары кезінде құны 20 млн рубльден асатын контрабандалық ҚХР-ның сөмкелері мен аяқ-киімдерінің ірі партиясы анықталған.

«Жүкті біздің елімізге автокөлікпен ресей-қазақ шекарасы арқылы Қытай елінен әкелгендігі анықталды. Кедендік тексеруден өтер кезде тасымалдаушылар тауардың барлығы туралы қандай да бір мәлімет болмаған құжаттарды көрсетті», — деп түсіндірді Е. Бондаренко.

«Аталмыш дерекке Новосибирск фирмаларының бірінің басшылығы да қатысты екенін жағдай көрсетіп отыр. Ұсталған өнім сол фирмаға жөнелтілген», — деп хабарлады Сібір шұғыл кеденінің баспасөз қызметінде

Қазіргі кезде фирма өкілдеріне және белгісіз тұлғалар тобына қатысты Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 188 бабы (ұйымдасқан топтың жалған құжаттарды пайдалану арқылы ірі көлемдегі тауарларды РФ-ның кедендік шекарасы арқылы тасымалдауы) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ведомсто мәліметтеріне сүйенсек, бұл ұйымдасқан топқа қарсы алғашқы қылмыстық іс емес. Алғашқысы дәл осы бап бойынша үстіміздегі жылдың қыркүйек айында қозғалған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті