Мәжіліс депутаттары аймақтарда өздерінің сайлаушыларымен кездеседі - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс депутаттары аймақтарда өздерінің сайлаушыларымен кездеседі

Мәжіліс депутаттары аймақтарда өздерінің сайлаушыларымен кездеседі

Астана. 26 қараша. "Қазақстан Бүгін" -Бірыңғай партиялық тізімі бойынша сайланған "Нұр-Отан" ХДП франкция мүшелері 26 қараша мен 5 желтоқсан аралығында өз сайлаушылармен кездесу үшін аймақтарға баратын болады, деп хабарлайды агенттік тілшісі палатаның баспасөз-қызметіне сілтеме жсап.

  • 26 Қараша 2007
  • 406
Фото - Caravan.kz

«Мажоритарлық сайлау жүйесі кезінде, депутаттар бір мандаттық сайлау округінен сайланып, сол аймақтың хал ахуалын ғана назарында ұстаған болса, осы жолы депутаттар сайланған аймақтақтармен қоса, басқа өңірлерді де қамтитын болады», — деп хабарлайды мәжілістің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, ірі мекендер мен ауылды жерлерде тұрғындар үшін, қоғамдық қабылдау бөлімдері ашылып, әрбір азамат депутаттарға жеке сауал қоя алатын мүмкіндігі болады.

«Сайлаушылармен кездесулердің басты мақсаты — азаматтармен тікелей қарым-қатынас жасап, жоспарланған жұмыстардың жүру барысын қадағалау. Мәжіліс депутаттарының мұндай шаралары мемлекеттік және аймақтық деңгейдегі маңызды мәселелерді шұғыл түрде шешуге бағытталғандығының белгісі», — деп жазылған баспасөз баянында.

Құжатта көрсетілгеніндей, мұндай кездесулер, » депутаттардың тұрғындар мен жергілікті билік органдары арасында туындаған мәселелер бойынша байланысты нығайтып, «Нұр Отан» фракция мүшелерінің оларды заң жүзінде іске асырудың жолдарын табатыны сөзсіз «, — делінген баспасөз хатында.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті