Шығыс Қазақстан облысында "Бақты" кеден бекетінің 7 қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан облысында "Бақты" кеден бекетінің 7 қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Шығыс Қазақстан облысында "Бақты" кеден бекетінің 7 қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Астана. 26 қараша. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Қаржы министрлігінің кедендік бақылау комитетінің ішкі қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері 23 қарашада Шығыс Қазақстан облысы бойынша кедендік бақылау департаментінің "Бақты" кеден бекетінің 7 қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің кедендік бақылау комитетінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 26 Қараша 2007
  • 518
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, қылмыстық істер ҚР қылмыстық кодексінің 316 бабы (немқұрайдылық) бойынша қозғалды. «Кедендік шекара арқылы өткен тауарлар мен көлік құралдарының кедендік бақылануын қамтамасыз етуге жауапты лауазым иелері бола тұра, қызметкерлер өздерінің қызмет бабындағы міндеттеріне асқан немқұрайдылықпен және арсыздықпен қараған», — деп хабарлайды баспасөз қызметіндегілер.

Соның салдарынан «құны 2 млн 762 мың теңгенің күнделікті тұтыным тауарларын тиеген КРАЗ автокөлігі мен жалпы құны 14 млн 848 мың теңгенің тауарларын тиеген мемлекеттік номері жоқ «Стер Q4190″ автокөлігі Қазақстан аумағына тексерусіз және кедендік рәсімдеусіз өткен», деп хабарлайды Кедендік бақылау комитетінің баспасөз қызметіндегілер.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті