«Қазақстандық дәрігерлері ВИЧ/СПИД шалдыққандар қатарының ұлғаюына байланысты алаңдаушылық білдіруде. Республика бойынша, 8388 ВИЧ-кеселін жұқтырып алғандар болса, 55,8%-і 15-29 жас аралығындағы адамдар», деп хабарлайды баспасөз қызметі.
БҰҰ ресми деректері бойынша, биыл ВИЧ дертін жұқтырғандар саны 7 млн төмендеп, 40 млн емес, 33 млн түсті. Үндістан, Нигерия, Мозамбик, Африка елдерінен түскен ақпарат қайта өңделгеннен кейін, мәліметтер өзгеріліп, аурулар қатарының 7 млн-ға төмен екендігі анықталды. Бұл кесел экваторлық Африкада өршуі жалғасып, олардың саны 22,5 млн адамға жетті. Одан кейін, Азия екінші орында. Сарапшы мамандар атап өткеніндей, 2000 жылдан бастап Въетнамның жағдайы ушығып барады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті