Қазақстан мен Италияның салық қызметтері бірлескен Коммюникеге қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен  Италияның салық қызметтері бірлескен  Коммюникеге қол қойды

Қазақстан мен Италияның салық қызметтері бірлескен Коммюникеге қол қойды

Астана. 26 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан қаржы министрлігі мен Италияның қаржылық гвардиясы бірлескен Коммюникеге қол қойды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 26 Қараша 2007
  • 559
Фото - Caravan.kz

«Біздің елдеріміздің арасындағы тауар айналымының аясы кеңейіп, екі ел кәсіпорындарының арасындағы байланыс өсе түсуде, сол себепті де екі елдің салық қызметтеріне салық бақылауы мәселелері бойынша айқын ықпалдастық қажет. Егер біздің өзара ықпалдастығымыз болмаса, онда екі елдің бюджеттеріне шығын келеді», — деді салық комитетінің төрағасы Нұрлан Рахметов.

ҚР Қаржы министрлігінің салық комитеті таратқан ақпаратқа сәйкес, салық комитеті Италияның қаржылық гвардиясымен өзара ақпарат алмасу туралы, өзара кәсіптік шыңдаудан өту, жыл сайын екі жақты кездесулер өткізіп тұру жөніндегі келісімге келу арқылы ынтымақтастық орнатпақшы.

Қаржы министрлігінің мәліметінше, ағымдағы жылдың 9 айында Қазақстан мен Италия арасындағы тауар айналымы $6,5 млрд құрады, бұл Қазақстанның жалпы тауар айналымының 11,4% құрайды. Бұл ретте экспорт үлесі $5,6 млрд, импорт үлесі — $0,9 млрд құрап отыр.

Қазақстанда Қазақстан мен Италия бірлескен 100 кәсіпорын тіркелген.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті