Астанада ҚР мен РФ арасындағы ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның отырысы өтуде - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада ҚР мен РФ арасындағы ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның отырысы өтуде

Астанада ҚР мен РФ арасындағы ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның отырысы өтуде

Астана. 26-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Астанада Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 11-ші отырысы өтуде, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 26 Қараша 2007
  • 456
Фото - Caravan.kz

«Ресей біз үшін стратегиялық және негізгі сауда серіктестердің бірі, Қазақстанның экономикасына тұрақты және үнемі инвестия салушы болып табылады»,- деп атап өтті Қазақстан Республикасының индустрия және сауда министрі Ғалым Оразбақов отырысты аша отырып.

Министрліктің мәліметтеріне сүйенсек, үстіміздегі жылдың 9 айында екі ел арасындағы сауда айналымы 11,7 млрд АҚШ долларын құраған, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 31,4 пайызға көп.

Ғ. Оразбақовтың айтуынша, ресейлік инвестициялар қазіргі кезеңде негізінен экономиканың дамыту Қазақстан үшін басымдық берілген салаларына салынады. Атап айтқанда, бұлар өнеркәсіп, құрылыс, қаржылық іс-қызмет, транспорт және байланыс сияқты салалар. Жалпы, оның мәліметтеріне сүйенсек, қазіргі уақытта Қазақстанда Ресей капиталының қатысуымен жұмыс істейтін кәсіпорындардың саны 3 мыңнан асып жығылады.

Ғ. Оразбақов сондай-ақ, «бүгінде екі елдің тамырлас мүдделері ғылыми-өндірістік іс-шараларды тереңдету болып табылатындығын» атап көрсетті. «Ғылыми-техникалық және өндірістік байланыстарды дамытудың алғышарттары басқа елдер үшін экспорттық өнім өндіруді көздейтін кәсіпорындардың өзара шаруашылық ықпалдастықты дамытуғы объективті қызығушылық танытуы болып табылады», — деп атап өтті министр.

Комиссия отырысының барысында екі елдің ғылыми-техникалық, отын-энергетикалық саладағы, транспорт және коммуникация саласындағы ынтымақтастық мәселелері мен Байқоңыр кешеніндегі ынтымақтастықтың келешегін талқылау жоспарлануда.

Атап йатқанда, тараптар Ресейдің мұнайын Қазақстан аумағы арқылы Омск — Павлодар мұнай құбырымен Қытайға тасымалдау туралы, Оренбург газ өңдеу зауытының шаруашылық қоғамын құру туралы, Орта Азия газын Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасымалдау туралы, Имашевский газ конденсаты кенішін бірлесіп өңдеу мүмкіндіктері, сондай-ақ Каспий теңізіндегі Орталық және Хвалынское жобаларын жүзеге асыру туралы мәселелерді талқылауды көздеп отыр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті