Ресей мен Қазақстан 2011 жылға дейінгі шекаралық ынтымақтастық жөніндегі шаралардың жоспарын қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресей мен Қазақстан 2011 жылға дейінгі шекаралық ынтымақтастық жөніндегі шаралардың жоспарын қабылдады

Ресей мен Қазақстан 2011 жылға дейінгі шекаралық ынтымақтастық жөніндегі шаралардың жоспарын қабылдады

Астана. 26 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Ресей мен Қазақстан 2011 жылға дейінгі шекаралық ынтымақтастық жөніндегі шаралардың жоспарын қабылдады. Бұл туралы бүгін Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының 11- ші отырысы аяқталғаннан кейін өткен брифингте Ресейдің өнеркәсіп және энергетика министрі Виктор Христенко мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 26 Қараша 2007
  • 443
Фото - Caravan.kz

«Бүгін біз 2011 жылға дейінгі шекаралық ынтымақтастық жөніндегі шаралардың жоспарын бекіттік», — деді В. Христенко.

«Ресей жағынан 12 өңір дүниежүзіндегі ең ұзын шекараны бойлай орналасқанын еске сала кеткім келеді, бұл шамамен 7,5 мың шақырымға тең және осы субьектілердің үлесіне өзара сауда-саттық пен экономикалық ынтымақтастықтың ең жоғары үлесі тиеді», — деді ол.

РФ жағынан шекаралық өңірлерге Алтай және Дағыстан Республикалары, Алтай аймағы, Омск, Астрахань, Волгоград, Курган, Новосибирск, Оренбург, Саратов, Самара , Тюмень және Челябинск облыстары, Қазақстан жағынан Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан , Батыс Қазақстан , Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары кіреді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті