«30-қарашада Ішкі істер министрлігі Алматыда полицияның іс-қызметін бақылау жөніндегі қоғамдық кеңестің төртінші отырысын өткізуді жоспарлап отыр. Жоспар бойынша басты тақырып азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтау мәселелерін талқылау болады»,- деп хабарлады Бағдат Қожахметов.
Оның ақпараттарына сүйенсек, кеңес отырысына Қазақстанның Азаматтық альянсының, Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі орталықтың өкілдері, сонымен қатар мәжілістің заң және сот-құқықтық реформалар жөніндегі комитетінің төрағасы Серік Баймағамбетов қатысады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті