Алматыда желтоқсан айында әдеттегіден суық болады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда желтоқсан айында әдеттегіден суық болады

Алматыда желтоқсан айында әдеттегіден суық болады

Алматы. 26-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда желтоқсан айында ауа температурасы қалыпты көрсеткіштен градус төмен болады деп күтілуде, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Қазгидрометке" сілтеме жасай отырып.

  • 26 Қараша 2007
  • 804
Фото - Caravan.kz

«Орташа ауа температурасы 4 градус суық болады деп күтілуде, бұл Цельсий өлшемі бойынша нормадан 1 градусқа төмен (норма — 3 градус суық)»,- деп хабарлайды Гидрометеорологиялық орталықтың директоры Светлана Аманқұлова.

Күн райын болжаушылардың болжауына сүйенсек, желтоқсан айының бірінші онкүндігінде Алматыда ауаның температурасы түнде 4 — 9 градус суықтан 3 градус суық — 2 градус жылылық аралығында, ал күндіз 0 — 5 градус суықтан 3 — 8 градус жылы аралығында болады. Онкүндіктің аяғына қарай ауа температурасы түнде 10 — 20 градусқа дейін, ал күндіз 5 — 10 градусқа дейін суытады.

Екінші онкүндікте күн біраз жылынып, ауаның температурасы түнде 7 — 12 градус суық, күндіз 0 — 5 градус жылы болады.

Үшінші онкүндіктің басында тағы да біраз жылынып, түнде 7 — 12 градустан 2 — 7 градус суық, күндіз 0 — 5 градустан 5 — 10 градус жылы болады. Одан кейін қайта суытып, түнде 5 — 10, түнде 0 — 5 градус суық болады.

Синоптиктердің болжауына сүйенсек, «қар көлемі нормаға жуық болады (норма 0 мм)».

Бірінші және үшінші онкүндіктерде, сондай-ақ екінші онкүндіктің басында аздап қар жауып, тұман түседі. Бірінші және үшінші онкүндіктің ортасында көк тайғақ болуы мүмкін. Шығыс бағытында соққан желдің жылдамдығы секундына 3 — 8 метрге дейін күшейіп, үшінші онкүндіктің аяғында батыс бағытында соққан жел секундына 9 — 14 метрге дейін күшейеді деп күтілуде.

Алматыда желтоқсан айындағы ең жоғарғы ауа температурасы 1989 жылы 19 градус нөлден жоғары болып тіркелген, ал ең төменгі температура — 1952 жылы — 32 градус суық болған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті