Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, «СемАЗ» көлік жинау зауыты «Павлов автобус зауыты» ААҚ-мен ПАЗ-32053 және ПАЗ-4234 моделінің қалалық және қалааралық автобустарын шығаруға лицензиялық келісім-шарт жасасқан.
«Зауытты іске қосу ресейлік автобустардың бағасын төмендетуге және жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Бұл өндірісте жұмыс істейтін жұмысшылардың жалпы саны 120 адамнан асып жығылмақ»,- деп атап өтті қалалық әкімшіліктегілер.
Сондай-ақ, жылына 2,5 мың автобус шығару жоспарлануда.
«СемАЗ» ЖШС үстіміздегі жылдың қыркүйегінде пайдалануға берілген болатын. Қазіргі уақытта мұнда «Daewoo» маркалы автобустар құрастырылуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті