Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағалық ету мәселесі Мадридте өтетін СІМК отырысында талқыланады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның  ЕҚЫҰ төрағалық ету мәселесі Мадридте өтетін СІМК отырысында талқыланады

Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағалық ету мәселесі Мадридте өтетін СІМК отырысында талқыланады

Астана. 26 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымында төрағалық ету мәселесі 29-30 қарашада Мадридте өтетін сыртқы істер министрлерінің кеңесінің отырысында талқыланады. Бұл жөнінде ҚР сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ержан Ашықбаев бүгін өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 26 Қараша 2007
  • 407
Фото - Caravan.kz

«29 — 30 қарашада Мадридте ЕҚЫҰ қатысушы елдердің сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті 15 отырысы өтеді. Оның жұмысына ҚР сыртқы істер министрі Марат Тәжин бастап баратын Қазақстан делегациясы қатысады», — деп хабарлады Е. Ашықбаев.

Ол атап өткеніндей,»басқа мәселелер арасында Қазақстанның 2009 жылы ЕҚЫҰ-на төрағалық ету мәселесі талқыланады». «ЕҚЫҰ барлық шешімдер бірауыздан қабылданады. Оған қол жеткізу үшін 56 қатысушы -мемлекеттің келісімін алу керек», — деді СІМ өкілі.

Е. Ашықбаевтың айтуынша, жалпы отырыста ЕҚЫҰ аймақтарындағы жағдайға байланысты біраз меселелер талқыланады.

Жоспар бойынша «ЕҚЫҰ қызметкерлеріне берілетін артықшылық пен иммунитеті, қоршаған ортаны қорғау саласы бойынша стратегиясы, ЕҚЫҰ-ның терроризмге қарсы күреске қосқан үлесі, адам саудасына қарсы тұру мен интернетте балалар порнографиясына қарсы күрес, сондай-ақ Ауғанстандағы жағдайды реттеу мәселесінде ЕҚЫҰ-ның қатысу ауқымын кеңейтуге байланысты бірқатар құжаттар мен шешімдер қабылданады», — деп ойын қорытындылады Е. Ашықбаев.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті