Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Свет и тень" атты кітабының тұсаукесері болып өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Свет и тень" атты кітабының тұсаукесері болып өтті

Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Свет и тень" атты кітабының тұсаукесері болып өтті

Астана. 26-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Астанада Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Свет и тень" атты кітабының тұсаукесері болып өтті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 26 Қараша 2007
  • 581
Фото - Caravan.kz

Кітап Қазақстанның сыртқы саясатының құрылу, даму және бекіну тарихына арналған. Оның негізінде «менің сыртқы істер министрі болып қызмет атқарған соңғы он жыл ішінде жинақталған» жеке бақылауым жатыр, деді Қ. Тоқаев тұсаукесер барысында. «Бұл кітапты оқырман қауым дұрыс қабылдайды деп үміттенемін»,- деп атап өтті ол.

Автор Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың көпжақты халықаралық іс-қызметіне баса назар аударған. Кітапта сондай-ақ белгілі саясаткерлер мен қайраткерлерге қатысты қызықты оқиғалар, заманауи Қазақстанның дамуы туралы толық түсінік беретін көптеген деректер мен таныстықтар қарастырылған.

Автор екі-үш айдан кейін кітаптың қазақ тілінде шығатындығына уәде берді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті