Байқоңырда "Космос" жер серігін алып ұшуға тиіс "Протон" зымыран тасығышын ұшыруға дайындалуда - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырда "Космос" жер серігін алып ұшуға тиіс "Протон" зымыран тасығышын ұшыруға дайындалуда

Байқоңырда "Космос" жер серігін алып ұшуға тиіс "Протон" зымыран тасығышын ұшыруға дайындалуда

Байқоңыр. 26 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда "Космос" жер серігін алып ұшуға тиіс "Протон" зымыран тасығышын ұшыруға дайындалуда, деп хабарлайды агенттік ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.

  • 27 Қараша 2007
  • 447
Фото - Caravan.kz

Ақпарат көзінің хабарлауынша, М.Хруничев атындағы орталық мамандары 92-1 алаңының монтаж-сынақ корпусында Ресей Қорғаныс министрлігінің мүддесіне сай жер орбитасына «Космос» жер серігін алып шығатын «Протон» зымыран тасығышын ұшыруға дайындалуда.

«Сонымен бірге «Бриз-М» үдеткіш блогы жүйелері тексерілу үстінде»,- деп хабарлайды ақпарат көзі.

«Космос» жер серігін алып ұшуға тиіс «Протон-М» зымыран тасығышы мен «Бриз-М» үдеткіш блогы 8- желтоқсанда ғарышқа жол тартуға тиіс.

Бұл 2007 жылдың аяғына дейін ұшырылады деп межеленген үш «Протонның» екіншісі.

«Протон» ұшырылымдарының биылғы ең соңғысы 25 желтоқсанда «Протон-К» зымыран тасығышы үш бірдей «Глонасс-М» жер серіктерін алып ұшумен аяқталады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті