Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының Біріккен штабының Ресей аумағына орналасу шарты айқындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының Біріккен штабының Ресей аумағына орналасу шарты айқындалды

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының Біріккен штабының Ресей аумағына орналасу шарты айқындалды

Мәскеу. 26-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін Мәскеуде Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы мен Ресей Федерациясының арасында қол қойылған келісім шарт Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының Біріккен штабының Ресей аумағына орналасуы шартын айқындайды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы Хатшылығының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 27 Қараша 2007
  • 440
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Біріккен штабтың орналасу шарты халықаралық құқық пен халықаралық ұйымдарды орналастыру және іс-қызметін қамтамасыз етуде қалыптасқан халықаралық практикасына сай.

Құжатқа сәйкес «мекеме орналасқан мемлекет аумағындағы Біріккен штабтың мүлкі мен ғимаратына қол сұғылмайды. Мекеме орналасатын елдің билік органдарының өкілдері өздеріне жүктелген функцияларды орындау үшін Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының Біріккен штабының ғимаратына тек штабтың бастығы немесе оның бірінші орынбасарының рұқсатымен ғана кіре алады».

Сонымен қатар, штаб ғимаратының қол сұғылмаушылығы оны ұйымның функциясына үйлесімсіз немесе Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше мемлекеттердің қауіпсіздігіне, олардың жеке және заңды тұлғаларының мүдделеріне зиян келтіретін мақсаттарға пайдалану құқығын бермейді.

Біріккен штабтың әскери және азаматтық қызметкерлері ғылыми, шығырмашылық және оқытушылық қызметтен басқа, коммерциялық немесе өз пайдасы үшін не басқаның пайдасы үшін кез-келген басқа іс-қызметтермен айналысуға құқысыз.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, келісім шартқа Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бас хатшысы Николай Бордюжа мен Ресей Федерациясының сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Андрей Денисов қол қойған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті