Мәсімов Ресей Федерациясының өнеркәсіп және энергетика министрімен кездесті - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәсімов Ресей Федерациясының өнеркәсіп және энергетика министрімен кездесті

Мәсімов Ресей Федерациясының өнеркәсіп және энергетика министрімен кездесті

Астана. 27-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Кеше Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов Ресей Федерациясының өнеркәсіп және энергетика министрі Виктор Христенкомен кездесу өткізді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 27 Қараша 2007
  • 584
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Кәрім Мәсімов пен Виктор Христенко екі жақты ынтымақтастықтың болашағы туралы, атап айтқанда Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы президенттерінің екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды пәрмендендіруге бағытталған тапсырмаларын орындауды талқылады.

Виктор Христенко Кәрім Мәсімовты Астанада өткен үкіметаралық комиссияның қорытындысы жайында хабардар етті.

«Осы жылы біз тауар алмасу іс-шараларынан электроэнергетика мен мұнайгаз кешеніндегі жүйелі инвестициялық жобаларға көшеміз»,- деп атап өтті Виктор Христенко.

Ресей Федерациясының өнеркәсіп және энергетика министрі Виктор Христенконың мәліметтеріне сүйенсек, жыл аяғында Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының арасындағы тауар айналымы 16 млрд АҚШ долларын құрайды.

Қазақстан Республикасының премьер-министрі өз кезегінде, «екі ел үкіметтерінің өзара ықпалдастығының нәтижесінде Қазақстан мен Ресейдің арасындағы саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға барлық жағдай жасалынғандығына» сенімділігін білдірді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті