Грузияның ОСК өкілдерінің берген ақпараты бойынша, Грузияның президенттігіне үміткерлер қатарының күрт өсуі оларды таң қалдырды. Олардың тізіміне Грузияның белгілі саяси қызметкерлері де, ешкімге белгісіз тұлғалар да кірген.
Алайда, ОСК- ына кандидаттар тарапынан өтініштер тапсыру олардың бәрі бірдей сайлауға жіберіледі дегенді білдірмейді. 10 күннің ішінде барлық кандидаттар өздерін қолдайтын 50 мың қол жинап ОСК тапсырулары керек. Бұл құжаттар тексерілгеннен кейін ғана, 12 желтоқсанда ОСК Грузия президенттігінен үміткерлерді ресми түрде анықтап, жариялайды.
Бұдан бұрын хабарланғанындай, Грузияның президенті Михаил Саакашвили қарашаның ортасында елде саяси ахуалдың нашарлап, оппозицияның жаппай митингілерінен соң, мерзімінен бұрын 2008 жылдың 5 қаңтарында президенттік сайлаудың өтетінін жариялады.
Президенттік кандидаттар арасында, «Ортақ ұлттық қозғалыс» жетекші партиясынан екінші рет Михаил Саакашвили ұсынылса, біріккен оппозиция жетекшісі бизнесмен Леван Гачечиладзе; лейбористер партиясының жетекшісі -Шалва Нателашвили ; «Новые правые» партиясынан Давид Гамкрелидзе , мемлекет қызметіне қарсы шықты деген айып тағылған бизнесмен Бадри Патаркацишвили және Грузиядағы халықаралық әзербайжан кеңесінің төрағасы (МСАГ) Фазиль Алиев бар.
Сондай-ақ, сайлауға уақытша жұмыссыз отырған тарихшы Шалва Церцвадзе, уақытша жұмыссыз агроном Шалва Купрашвили, адвокат Картлос Гарибашвили, Какабети ауылының тұрғыны Автандил Пилаури және т.б. тұлғалар қатысуға ниет білдірген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті