ТМД елдері қорғаныс министрлерінің кеңесі грузин- абхазия шиеленіс аймағындағы ұжымдық бітімгершілік күштерінің қолбасшысының мандатының мерзімін ұзартты - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ТМД елдері қорғаныс министрлерінің кеңесі грузин- абхазия шиеленіс аймағындағы  ұжымдық бітімгершілік  күштерінің  қолбасшысының мандатының мерзімін ұзартты

ТМД елдері қорғаныс министрлерінің кеңесі грузин- абхазия шиеленіс аймағындағы ұжымдық бітімгершілік күштерінің қолбасшысының мандатының мерзімін ұзартты

Астана. 27 қараша. "Қазақстан Бүгін" - ТМД елдері қорғаныс министрлерінің кеңесі грузин- абхазия шиеленіс аймағындағы ұжымдық бітімгершілік күштерінің қолбасшысы Сергей Чабанның мандатының мерзімін ұзартты. Бұл туралы бүгін Астанада ТМД қорғаныс министрлері кеңесінің 53-ші отырысының аяқталуына орай өткен баспасөз мәслихатында Ресей қорғаныс министрі Анатолий Сердюков құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 27 Қараша 2007
  • 464
Фото - Caravan.kz

«Ұжымдық күштер тиімді жұмыс істеді және өздеріне жүктелген міндетті қалыпты орындап келді. Мандат мерзімін біз әзірге ұзартып отырмыз, алайда таяу уақыттарда жаңа кандидатураны іздеп табуға тиіспіз», — деді А. Сердюков.

Ол грузин- абхазия шиеленіс аймағындағы ұжымдық бітімгершілік күштерінің қолбасшысын ауыстыру қажеттігі «Грузияның айрықша позициясына байланысты» екенін түсіндірді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті