Үкімет "электрондық үкіметтің" даму бағдарламасын мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет "электрондық үкіметтің" даму бағдарламасын мақұлдады

Үкімет "электрондық үкіметтің" даму бағдарламасын мақұлдады

Астана. 27 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Үкіметтің отырысы барысында "электрондық үкіметтің" даму бағдарламасы мақұлданды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 27 Қараша 2007
  • 453
Фото - Caravan.kz

«Менің пікірімше, бұл жақсы бағдарлама, ол жан-жақты дамытылған… менің позициям бойынша оған қолдау жасауымызға болады», — деп мәлімдеді премьер-министр Кәрім Мәсімов.

Үкімет мүшелері бұл ұсынысқа электрондық жаңа жүйесі бойынша дауыс берді.

Премьер -министрдің пікірінше, мұның өзінің символдық белгісі бар.

«Бүгін біздің электрондық жаңа жүйесі бойынша дауыс беруіміздің символдық белгісі бар», — деді К. Мәсімов.

Бағдарламаны ұсынған ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің төрағасы Қуанышбек Есекеевтың айтуынша, «электрондық үкіметтің» жасалуы мен дамуы 4 кезеңмен іске асырылады: бұл мақалалар мен ақпарат тарату; мемлекеттік органдар мен азаматтар арасындағы тікелей және кері қарым-қатынастардың интерактивтік қызмет көрсетулуі; үкіметтің қаржылық порталдары мен заңгерлік операциялар арқылы трансакциялық қатынастарын орнату; ақпараттық қоғам құру.

К. Есекеевтің сөздеріне қарағанда, бағдарлама аясында «электрондық үкіметтің», облыс орталықтары мне ірі қалаларды қамтитын инфрақұрылымы кеңейтіледі: 4 облыс орталығы мен Алматы — 2008 жылы, жеті облыс орталығы — 2009 жылы, үш облыс орталығы — 2010 жылы.

Үкімет отырысы барысында экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов хабарлағанындай, бұл бағдарланың орындалуына республикалық бюджеттен 2008-2010 жылдары 16,5 млрд теңге бөлінеді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті