Армения карабах текетіресін бейбіт жолмен шешуге ниет білдіруде - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Армения карабах текетіресін бейбіт жолмен шешуге ниет білдіруде

Армения карабах текетіресін бейбіт жолмен шешуге ниет білдіруде

Астана. 27 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Армения карабах текетіресін бейбіт жолмен шешуге ниет білдіруде. Бұл туралы бүгін Астанада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен өткен кездесуден кейін журналистерге берген сұхбатында Арменияның қорғаныс министрі Микаэл Арутюнян мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 27 Қараша 2007
  • 562
Фото - Caravan.kz

«Әзербайжан әскери іс- қимылдарға 100 пайыз көшкендігі туралы жариялады. Армения өз кезегіде бұл мәселені тек бейбіт жолмен шешуден өзге балама таппай отыр», -деп атап өтті министр. » Екі мемлекеттің президенттері, сыртқы істер министрлері карабах текетіресін бейбіт жолмен шешіутуралы келіссөздер жүргізуде», — деді ол.

«Менің пікірімше, бұл түйіткіл мәселеде 100 пайыз әскери іс -қимылдарға көшу туралы мәлімдеме жасау дұрыс шешім емес», — деді ол. » Арменияны әскери іс- қимылдармен қорқыту ешкімнің қолынан келмес», — деп мәлімдеді министр.

«Біз әскери қимылдардың болмағанын қалаймыз, карабах мәселесі бейбіт жолмен шешілсін дейміз», — деп өтті М. Арутюнян.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, Әзербайданның қорғаныс министрі Армениямен қарулы қақтығыстардың болуы мүмкіндігін жоққа шығарған жоқ. «Әзірге Армения тарапынан Әзербайжан территориясын басып алған жағдайда соғыстың өршуіне 100 % түрткі болып отыр», — деп хабарлады ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті