«Біз Қазақстан армиясында кәсіби біліктілігін шыңдауға деген ынталылықты арттыруға шара қолдандық», — деді Д. Ахметов. «Яғни, класс тағайындалғаны үшін лауазымдық жалақыға қоса берілетін үстемеақы мөлшері ұлғайтылады», — деді ол.
«Ендігі жерде үшінші классы бар маман лауазымдық жалақсының 10% көлемінде үстемеақы алса, екінші классы бар маман — 20%, бірінші классы бар маман — 30%, ал өз міндеттерін хас шеберлікпен орындайтын маман лауазымдық жалақысының 40% көлемінде үстемеақы алады», — деп нақтылады қорғаныс мекемесінің басшысы.
«Сонымен бірге біз ұшқыштар мен жалпы әскери әуе күштерінің жүйесі құрамының жалақысын біршама ұлғайтуды көздеп отырмыз», — деді министр.
«Еліміз армиясы әскер қатарына шақырудың келісім-шарт жүйесіне көшіп жатқанын ескеріп, біз келісім-шартқа үш жыл мерзіммен қол қойған адамға бір мәрте жәрдемақы көлемін бір лауазымдық жалақы көлемінде белгілесек, келісім-шартқа 5 жыл мерзіммен қол қойған адам үшін осынау лауазымдық жәрдемақы көлемі 10 жалақыға тең, ал егер шарт 10 жылға жасалса, онда әскери қызметкер бірден 20 лауазымдық жалақыға ие болады», — деді министр.
Сонымен бірге, ҚР қорғаныс министрінің хабарлауынша, ҚР Қарулы күштерінде 8-ден кем емес жыл қызмет еткен әскерилер, жоғары оқу орнына түскен жағдайда Қорғаныс министрлігінен оқу ақысының 50%-ін алатынын жеткізді.
Д. Ахметов бұған қоса «Қорғаныс министрлігі жобасын жасаған, 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істей бастайтын әскерилерге арналған әлеуметтік пакеттің басты мақсаты — кезекте тұрған барлық әскерилерді үймен қамтамасыз ету екенін» еске салды. «Тұрғын үй құрылысын салу жөніндегі бұл бағдарламаны біз кем дегенде 4 жылда аяқтауды жоспарлап отырмыз», — деді министр.
Сонымен бірге, оның айтуынша, қорғаныс мекемесінің келесі жылға арналған әлеуметтік блогында «әскери қызметкердің отбасын қолдауға, оларға қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған кең көлемді шаралар көзделген».
«Біз бұл бағдарламаны жүзеге асыра бастадық», — деді Д. Ахметов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті