«Біз бүгін ТМД қорғаныс министрлері кеңесінің отырысында бұл мәселені талқылап, медальдің түр-тұрпатын сипаттадық», — деді А. Сердюков. «Жуырда медальдің эскизі жасалады, біз концептуалды түрде оның қандай болатынын, қандай талаптар қойылатынын анықтадық», — деп атап өтті ол.
Ол хабарлағанындай, Қазақстан мемлекет басшысымен өткен кездесуде ТМД елдерінің қорғаныс министрлер кеңесінің жұмыс барысы талқыланды. «Біз кеңесте қандай мәселелердің талқыланып , қозғалғыны жөнінде айттық. Ол біздің жұмысымыздың жемісті болуына тілек білдірді», — деп хабарлады министр. «Біздің пікірімізше, бүгінгі кездесу конструктивтік сипатта өтті», — деп ойын қорытындылады А. Сердюков.