Қызылордада қоғамдық бірқатар нысандар қайта жөнделе бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордада қоғамдық бірқатар нысандар қайта жөнделе бастады

Қызылордада қоғамдық бірқатар нысандар қайта жөнделе бастады

Қызылорда. 27 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қызылордада бірқатар қоғамдық нысандарына қайта жөндеу жұмыстары жасала бастады, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қызылорда сәулет және қала құрылысы басқармасына сілтеме жасай отырып.

  • 27 Қараша 2007
  • 409
Фото - Caravan.kz

Қызылорданың сәулет және қала құрылысы басқармасындағылардың айтуынша, «Алматының сәулетшілері тамызда облыс әкімі Мұхтар Кұл-Мұхаммедке орталық алаң мен оған жақын жатқан бірқатар нысандарды қайта жөндеудің эскиздерін көрсеткен. Оларға қатысты айтылған кемшіліктер ескеріліп, жоба іске асырыла бастады», — деді ведомстводағылар.

Алматылық «Этномұра» фирмасы Әділет сарайынын, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан «Көктем» сауда орталығының нысандарына қайта әрлендіру жұмыстарын жүргізуде. Кезекте облыстық музыкалық драма театры тұр.

Жоба авторларының идеясы бойынша, алаңда жаздық сахнасы салынады. Фирманың жетекші архитекторы Гүлнар Мәуленованың айтуынша, «әдемі сәулетті фонтандар, гүл аллеясы, қолдан жасалған фонарьлар толықтырады».

«Алаң екіге бөлінеді. Оның бірінші жартысында түрлі концерттер мен шаралар өткізілсе, екіншісі — демалу аймағына арналады», — деді сәулет және қала құрылыс басқармасының мамандары.

Қызылорданың орталық алаңының жөндеу жұмыстары 2008 жылдың жазында аяқталады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті