Қырғызстанда Ош облысының губернаторының үстінен қылмыстық іс қозғалды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанда Ош облысының губернаторының үстінен қылмыстық іс қозғалды

Қырғызстанда Ош облысының губернаторының үстінен қылмыстық іс қозғалды

Бішкек. 27-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанда Ош облысының губернаторы Жанторо Сатыбалдиевтің үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қырғызстан Республикасының Қаржы полициясының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 27 Қараша 2007
  • 373
Фото - Caravan.kz

«Қылмыстық іс қозғауға облыс әкімшілігінің басшысының қызмет бабын асыра пайдалану дерегі себеп болған»,- деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Қырғызстан Республикасының Қаржы полициясындағылардың пайымдауынша, Ж. Сатыбалдиев «Кантский цементно-шиферный комбинат» ААҚ-на дайын өнімді сатуға негізсіз рұқсат беру құжатына қол қойған. Бұл құжатқа қол қою арқылы губернатор Қырғызстан үкіметінің «Республика халқын цементпен және шифермен қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар туралы» қаулының шарттарын бұзып отыр, деп түсіндірді қаржы полициясындағылар.

Осының нәтижесінде «Ошресурсы» мемлекеттік кәсіпорны құрылыс материалдарын облыстан тыс жерлерде сату мүмкіндігіне қол жеткізген, ал аталмыш кәсіпорынға Ош облысының тұрғындарын цементпен және шифермен қамтамасыз ету міндеті жүктелген болатын. Сөйтіп, «Ошресурсы» мемлекеттік кәсіпорны жергілікті тұрғындардын құрылыс материалдарын жоғары бағамен сатып алуға мәжбүр еткен.

Қырғызстан Республикасының Қаржы полициясының баспасөз қызметінен хабарлағандай, кәсіпорынның лауазымды тұлғасы жасанды бухгалтерлік құжатты пайдалана отырып, 1 млн 229 мың 300 сомды (35 мың АҚШ доллары) төлеуден жасырып қалған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті